Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар, олар ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда сағат 07.12-де “Қарабұтақ-Қостанайтас жолында жол-көлік оқиғасы орыналды, онда төрт адам зардап шекті.

Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Маңғыстау облысының тұрғыны, Қарабұтақ ауылы жағынан Қостанай қаласына қарай келе жатып, Қарабұтақ-Қостанайтас жолының 105 шақырымында, басқару кезінде рульдік басқаруын игере алмай, сол жақ бетіне аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан  көлік жүргізуші мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі басқару кезінде ұйықтап кеткен.

Сол күні “Покровка-Жаңажол ” жергілікті маңызы бар тас жолының 18 шақырымында, Темір қаласының маңында, 45 жастағы “Ауди” көлігінің жүргізушісі қарсы жолға шығып, 33 жастағы Кеңқияқ ауылының тұрғынының басқаруындағы “Ваз-21115” автокөлігімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен “Ауди” көлігінің екі жолаушысы Шұбарқұдық ауылындағы ауылдық амбулаторияға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік-аса қауіпті құрал екенін ескереді. Сондықтан, көлікті басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, метеорологиялық жағдайларын бақылап, қарсы қозғалыс жолағын ашықпай, қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын алу бағытындағы буклеттер таратып және жолда түнде тоқтап, демалатын орындарды көрсетеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі рульде ұйықтау, қарсы бағытқа шығу, белгіленген жылдамдықты арттыру және т. б.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру