Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

32 түп қарасора тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен айналысатын ауыл тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында сора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-ға тіркеді.

Полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 300 бабы «Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының бақшасынан құрамында есірткісі бар өсімдіктерге ұқсас 32 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Тергеушілер барлық алынған түптерді сараптамаға жіберді.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес алынған түптердің үшеуі құрамында есірткі бар «сора » өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру