Тобыл өзенінде жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Белгісіз жағдайда Тобыл өзенінде жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамдардың суда қаза болуы барлық облыстар үшін әлеуметтік маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
28 маусымда Қостанай қаласынан үш шақырым жерде Тобыл өзенінен Қостанай облысы ТЖД ЖҚЖ күшімен 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылды және судан шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым сағат 22:45-те әйел Тобыл өзеніне белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
Сүңгуір және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар оқиға орнынан 1,5 км төмен қарай әйелдің денесін тапты. Мәйітті құтқарушылар алып шығып, қайыққа батырып, өзен жағасына жеткізіліп, полиция қызметкерлеріне берілді.
Жазатайым оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында «Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ 12 қызметкері, үш жүзу құралы, бір квадрокоптер және төрт бірлік техника жұмыс істеді.
Қостанай облысы ТЖД ескертеді! Қауіпті, тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз! Шомылу кезінде ішімдік ішпеңіз! Су көптеген қауіптерді жасырады! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!