Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автожолда “Тoyota-Camry 70” автокөлігі аударылды

Ақтөбе-Қостанайавтожолында “Тоyota-Camry 70″ автокөлігі аударылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусым күні сағат 10.30-да Түркістан қаласының тұрғыны Тоyota-Camry 70” автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Қостанай қаласына қарай келе жатып, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылынан 40 шақырым жерде Қарабұтақ-Қостанайавтожолының 231 шақырымында рульдік басқаруын игере алмай, көлік қозғалысы барысында кюветтің сол жағына аударылып кетуіне жол берген.

ЖКО салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті автокөлік-аса қауіпті құрал екенін еске салады. Сондықтан, автокөлікті басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, жол, метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын алу бағытындағы буклеттер таратады және түнде тоқтап, жолдан құрғауға болатын жерлерді көрсетеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі рульде ұйықтау, қарсы бағытқа шығу, белгіленген жылдамдықты арттыру және т. б.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру