Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Басқару құқығынсыз көлік айдаған мас жүргізушілер жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында көлікті жүргізу құқығынан айырылған адамның мас күйінде көлік құралын басқаруы деректері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылданған шараларға қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, мас күйінде басқару фактілері тіркеліп жатыр.

Мысалы, 27 маусым күні сағат 03:20 шамасында Қандыағаш қаласы Жамбыл көшесінің бойында полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы “Тойота Камри” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Екінші жағдайда патрульдік полиция қызметкерлері 28 маусымда сағат 04:00 шамасында Шернияз көшесінде патрульдеу кезінде 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Ваз-2110” автокөлігі тоқтатылды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлімі Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның мас күйінде көлік құралын басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, автокөліктерді алкогольдік мас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде тарнспорттық құралдарды басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойламаған іс-әрекеттеріңізден ешнәрсе де кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру