Алматы облысында балмұздақ дүңгіршегіндегі ұрлық бейнежазбаға түсіп қалған
Алматы облысында балмұздақ дүңгіршегіндегі ұрлық түсіп, ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұры кішкентай терезе арқылы еш қиналмастан кірген. Алайда, оны полиция қызметкерлері 30 минут ішінде қолға түсірді.
Оқиға 30 маусымда Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орын алған. Жергілікті тұрғын Іле ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне балмұздақ сататын дүкеннен, ұрылардың терезе арқылы кіріп 15 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын ұрлап кеткенін хабарлаған. Аталған дерек ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
– Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы дүкендегі бейнекамерадағы жазбаларды қарап, ұрыны анықтаған. Учаскелік инспектор 20 жыл өмірі ішінде бұрын осындай қылмыстары үшін төрт рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Покровка ауылының тұрғынын бірден таныған, – деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Оның тұрғылықты мекен-жайына жеткен тәртіп сақшылары, күдіктіні 30 минут ішінде ұстады. Ұсталған азамат ұрлық жасағанын бірден мойындап, өзі қолды қылған ақша салынған қорапшаны қайтарған, алайда ол ақшаның бір бөлігін жолға және тамақтануға жұмсап үлгерген. Күдікті қамаққа алынды.
– Тәжірибенің көрсетуі бойынша, қылмыстың көпшілігі «ізін суытпай» қылмыскерлерді іздестіру нәтижесінде және бейнебақылау жүйесінің көмегімен ашылады. Жоғарыда айтылған оқиға- оның жарқын мысалы. Жыл басынан бері олардың көмегімен облыс аумағында 118 қылмыстық құқық бұзушылық және үш мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық ашылды, – деп толықтырды Ақбота Қуанышбекқызы.