Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Табиғатқа зиян келтірген 500-ден астам адам жауапқа тартылды

Алматы облысында 500-ден астам адам табиғатқа зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу өңірінде 600-ге жуық заң бұзушылық табиғатқа қарсы жасалған. Алматы облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және браконьерліктің алдын алу шаралары барысында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 573 құқық бұзушылықты әшкерелеген. Аталған деректер бойынша 500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 70 қылмыстық іс қозғалған.

– Жыл басынан бері 503 адамның әкімшілік жауапкершілігі қарастырылды. Олардың басым бөлігі заңсыз аң және балық аулауға жол берген. 70 тұлғаның заңсыз әрекетіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Тергеу барысында құқық бұзушылардың табиғатқа келтірген залалдары есептеліп, сот шешімі оларды мемлекет пайдасына өтеу қарастырылады,- деді облыстық ПД Жерглікіт полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары Мейір Демеубаев.

Полиция өкілінің айтуынша, табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, табиғат байлықтарына қол сұғушылардың әрекеттерін әшкерелейді.

– Табиғи байлықтарымызға залал әкелетін браконьерлердің жолын кесу үшін «Браконьер», «Шекара», «Уылдырық шашу» және т.б. жедел алдын алу шаралары тұрақты ұйымдастырылады. Осындай нәтижелі шара барысында биылғы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтың 92,8 пайызы, ал қылмыстық құқық бұзушылықтың 42,8 пайызы әшкере болған,- деп толықтырды майор Мейір Демеубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру