Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шілде айында солтүстікқазақстандықтар полицияға 47 бірлік атыс қаруын тапсырды

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз сақталатын қарулар мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша республикалық акцияның қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция 1 шілдеде ерекше форматта бастау алды: әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында өтінімдерді қабылдау онлайн режимінде өтті. Қаруларын өткізуге ниет білдіргендер тәртіп сақшыларымен қаруды тапсыру сәтінде кездеседі. Барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, полицейлер мекенжайларға барып, қаруды қабылдап алады және санатын анықтау үшін сараптамаға жібереді. Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 12 бірлік атыс қаруын қабылданды. Оның 11 бірлігі тегіс ұңғылы, ал біреуі ойық ұңғылы қару. Қару тапсырғандарға материалдық сыйақы төлеу үшін материалдар Полиция департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасына жіберілді.

Жалпы акция басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 47 өтініш келіп түсті. 47 бірлік қару тапсырылды. Оның басым бөлігі, яғни 13 бірлік қаруды Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі полицейлері қабылдаған. Тапсырылған қарулардың ішінде 44 бірлігі тегіс ұңғылы аңшылық, ал үшеуі ойық ұңғылы қару болып табылады.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қарудың қауіп төндіретін құрал болып табылатындығын, сондықтан тауып алған немесе кездестірген жағдайда шұғыл полицияға жүгіну қажеттігін ескертеді. Ерікті түрде тапсырылған қарудың қылмысқа қатысы болмаса, қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Барлығы жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер қаруды сақтаумен байланысты 469 түрлі бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру