Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандарға онлайн-дәріс өтті

Қызылорда қаласындағы  ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандарға теолог мамандармен онлайн-дәріс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар арасында  әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі мекемедегі сотталғандармег қарқынды жұмыс жасауда.

Нұрұлтан қаласындағы «Ақниет» ақпараттық –насихаттау және оңалту орталығының теолог  мамандарымен  бірлесіп,  карантиндік шараларды сақтай отырып, сотталғандар арасында  теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу және дәстүрлі ислам дінін насихаттау мақсатында онлайн дәріс өтті. Дәріс барысында осы орталықтың теологы Асқар Алмасұлы «ислам негіздері мен ақида» туралы уағыз-насихат жүргізді.

Ислам діні, ақида туралы мағлұмат алған сотталғандар, онлайн дәріс барысында Асқар Алмасұлына сұрақ қойып, жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру