Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады

Түркістандық полицейлер ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өзінің арызында белгісіз біреулер тұрғын үйіне заңсыз кіріп, оған қоса жалпы құны 50 мың теңгеден асатын темірлерін ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт Кентау ҚПБ-нің ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеуге алынды.

Оқиға болған жерге барған полиция қызметкерлері сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, тез арада жеделдетілген іздестіру іс-шараларын атқарады. Осылайша, сақшылар бір күннің ішінде күдікті ретінде қаланың екі бірдей тұрғынын қолға түсіреді. Күдіктілердің бірі бұрын ұрлық бойынша сотты болған.  Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған екі ер адам тұрғын үйде ешкімнің тұрмайтындығын пайдаланып, ауласындағы тұрмысқа қажетті темірлерді жымқырған. Ұрланған темірлер айғақты зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда ұсталған адамдарға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Іске қатысты құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

Осыған ұқсас жайт Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында да орын алды. Түркістандық сақшыларға дүкеннің сатушысы хабарласып, белгісіз адамның ұрлық жасағанын айтқан.  Яғни арызданушының айтуы бойынша оның дүкеніне кірген ер адам ашық түрде темекі мен сусындарды алып, ақшасын төлемеген.  

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына көшті. Яғни криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шараларды атқарып, дәл сол күні күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонаубойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ ұсталған ер адам соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Облыс полицейлері тұрғындарға өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болып, мүмкіндігінше дабыл жүйесін орнату керектігін ескертеді. Үйді жақсылап бекітіп, қолды болатын заттарды, ақша мен басқа да бағалы заттарды ұрының көзінен таса, жабық жерге салып қойған жөн. Сондай-ақ үй немесе пәтерді қараусыз қалдырмау қажет.

Егер де Сіз осындай қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру