Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады
Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс бүгін сағат 13:00 шамасында Алматының Алмалы ауданында орын алған. Тұрғын үй ғимаратының кіреберісінде 28 жастағы ер адам әйелге шабуыл жасап, сөмкесін алуға тырысқан.
– Мен банкоматтан ақша алып, үйге қайттым. Басында көрші екен деп ойладым, сөйтіп оны алдыға жіберуге тырыстым. Ол менің сөмкеме жармасып алды. Мен сөмкемді жібермедім. Ол пышақты алып, сөмкенің иық белбеуін кесе бастады, қолдарымды тіліп тастады. Мен кіре берісте айқайладым, біреу естиді деп ойладым. Бірақ ешкім көмектеспеді. Ол жүгіре жөнелді, екі жолаушы артынан қуды, – деп әйел адам шабуылдың мән-жайын айтып берді.
– Бөгенбай батыр мен Айтиев көшелерінің қиылысындағы біздің күзет бекетімізде кезекшілік кезінде бізді жолаушылар тоқтатты және жоғарғы көшеде екі адамның бір адамды тонамақшы болып төбелесіп жатқандығын хабарлады. Біз дереу көрсетілген жерге жеттік, сол жерде істің нақты мәліметтерін білдік. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 ж.т. И.азаматұсталды. Одан пышақ тәркіленді. Әйелді таптық, оған «жедел жәрдем» шақырылды, – деді Алматы қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы, «Буран-045» экипажының аға бастығы Самат Жұманов.
Зейнеткер өзін ренжіткен адамды таныды. Күдікті дереу қылмысын мойындады.
– Маған ақша керек болды, материалдық қиындықтар. Оны төле би көшесінде көріп, соңынан ердім. Өкінемін, – деді И.есімді азамат.
Алмалы ауданының Полиция басқармасында хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.