Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмаған екі апалы-сіңілі табылды

Ақсу қаласының полиция қызметкерлері 11 тамызда жоғалған екі апалы-сіңліні дер кезінде тауып, үйлеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 11 тамызында сағат 23.10-да Ақсу қаласының полициясының “102” пультіне екі жас немересін жоғалтқан әже қоңырау шалды. Екі немересі әкесінің үйінен әжесіне қонаққа барып, қайтар жолда өз үйлеріне жетпегенін айтты. Тәуелсіз іздеу сәтсіз болды.

Дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтерілді. Іздеу шараларына еріктілер, оқытушылар және жергілікті тұрғындар да қатысты.

Іздестіру іс-шаралары барысында бір жарым сағаттан кейін тоғыз және 11 жастағы қыздар үйінің жанында, ағаш бұталарының арасынан табылды.
Кейін анықталғандай, қыздардың ата-аналары ажырасқан, анасы ата-ана құқығынан айырылған болып шықты. Апалы-сіңлі бұл іс-әрекеттерін әкесінің жаңа әйелімен бірге өмір сүргісі келмейтіндігімен түсіндірді.

Полицейлер қыздардың туыстарымен профилактикалық әңгіме өткізді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз , тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары ЕСКЕРТЕДІ:

1. Бала жоғалып кеткен жағдайда дереу “102” телефоны бойынша полицияға хабарласу керек.
2. Ол жоғалған уақыттан неғұрлым тез хабар берсе, бала тезірек табылады.
3. Ішкі істер органдарына жүгінген кезде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарды және жоғалған бала туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды, оның фотосуреттерін алыңыз.
4. Жоғалған баланы сипаттау кезінде оның негізгі белгілерін, созылмалы аурулардың болуын көрсетіңіз, киімін сипаттаңыз.
5. Сондай-ақ, кішкентай балаларды өзінің тегін, атын, туған күнін, тұрғылықты жерін білуі үшін оқыту қажет.
6. Үнемі балаларыңызға үлкендерді ескертпей ешқандай жағдайда кетуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Өз балаларыңызға сақ болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру