Полицейлер жалғызбасты зейнеткердің өлімін ашты
Ақтөбелік полицейлер Пригородный кентінің тұрғыны 83 жастағы зейнеткердің өлімін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 12 тамызда қайтыс болған адамның көршілері Жедел басқару орталығының телефонына қоңырау шалып, түнде 83 жастағы көршісі қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы «механикалық асфиксия түрінде» зорлық белгілерімен зейнеткердің мәйітін тапты.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 57 жастағы ақтөбелік күдікті анықталды. Ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
11 тамызда ол жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіріп, оны тонамақ болған. Зейнеткер шуға оянды, күдікті оны ұрып-соғып, тұншықтырған. Алайда зейнеткердің үйінен ол 1-2 мың теңге көлемінде ақшадан басқа құнды ештеңе таппады.