Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе қаласы ПБ жол-патрульдік полиция батальонының қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына барды

Ақтөбе қаласы ПБ жол-патрульдік полиция батальонының қаза тапқан полиция қызметкері Талғат Бекетовтің отбасына облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев және патрулдік полиция батальонының басшы құрамы барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен кәсіби іс-әрекеттері үшін полицейдің ата-анасына қайтыс болғаннан кейін “Құқық тәртібінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” төсбелгісі табыс етілді.

2016 жылғы сәуір айында аға полиция сержанты Талғат Бекетов серіктесімен бірге “Мазда-323” автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында Талғат жүргізуші мен жолаушының қолында сырасы бар бөтелкені байқады. Кейін анықталғандай, азаматтар “орта дәрежедегі” мас күйінде болған. Жүргізуші полиция қызметкерінің құжаттарды сұрау кезіндеқойған талаптарын елемеді. Содан кейін, Т.Бекетовті көлігін іске қоса тұра, басып кетті. Автокөлікті тоқтату мақсатында Т.Бекетов табельдік қаруды қолдануға мәжбір болды. Жүргізуші оған да мән бермей, Т.Бекетовты көлігінің капотынан лақтыруға тырысып, жоғары жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасауды жалғастырған. Т.Бекетов осы сәтті пайдаланып, жүргізуші көліктің бүйір терезесі арқылы салонғакіруге тырысты. Осы уақытта жолаушы сыра бөтелкесін сындырып, Т.Бекетовтың аяғына бірнеше рет соққы бере бастады, соған қарамастан құқық бұзушы үсталды.

Сондай-ақ, полиция аға сержанты Т.Бекетов террористерді жою кезінде 2016 жылғы маусымдағы террорлық шабуылдарда батылдық көрсетті. Ерекше көзге түскен полицейлер ордендермен және төсбелгілермен марапатталды. 2016 жылдың 16 шілдесінде Бекетов Талғат жол апатынан қайғылы қаза тапты. Оның әйелі мен екі баласы қалды. Ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет етіп келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру