Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік жүргізетін жүргізушілер саны азаяр емес

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған 116 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамыз сағат таңғы сағат 05:30-да патрульдік полиция қызметкерлері Кірпішті аулында патрульдеу кезінде 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Alphard» автокөлігін тоқтатты. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, «орта» дәрежедегі мас күйінде көлікті
басқарған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 346-1-тармағы бойынша тергеу жүргізілуде.

Заңнама өзгерген сәттен бастап бұрын жүргізуші құқығынан айырылған көлік құралдарын басқарған 116 мас жүргізуші анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік басқару құқығынан айырылған, көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың
айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан және көлік басқару құқығынан айырылу түрінде жазаны көздейді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру