Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қатаң тәртіптегі колонияға бисквит рулетіне телефон жасырып кіргізбек болды

Телефонды рулеттің ішіне жасырып кіргізбек болған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/2 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдеме беріп жібергісі келген әйел мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған ұялы телефонды және бірнеше сим-картаны ерекше қулықпен бисквит рулетіне жасырып, беріп жібермек болды.

Мекеме қызметкерлері тексеру бөлмесінде сотталғанға әкелген сәлемдемені мұқият тексеру кезінде, бисквит рулетінің ішіне жасырылған тыйым салынған заттарды тәркіледі.

Аталған дерек бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша құжаттар жиналып, сотқа жолданды.

Айта кету керек, мекеме аумағына келген әрбір келушіге қызметкерлер тыйым салынған заттарды тапқан кездегі әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Алайда, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға сәлемдеме жолдау кезінде келушілер түрлі қулықпен тыйым салынған заттарды кіргізуге тырысады.

– Қызметкерлердің сотталғандарға келген әрбір сәлемдемелерін мұқият тексерулерінің арқасында осындай тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіргізілуінің алды алынады, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Зиянов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру