Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖД мекемесінің бастығы үздік сарбаздарды марапаттады

ШҚО-да ҚАЖД мекемесінің бастығы үздік сарбаздарды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның әр аймағынан келіп, бір жыл бойы жақындарынан жырақта жүріп, әскери міндетін адал орындап, әскердегі тәртіпке бағынып, қызмет атқару кезінде мінсіз қызметтің үлгісін көрсеткен сарбаздарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №16 мекеменің бастығы алғыс хаттармен марапаттады.

– Мекемедегі тыныштық пен тәртіптің сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде мінсіз қызмет атқарған қырағы сарбаздарымыздың арқасы. Олар бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын меңгеріп, жауынгерлік мектептен тәлім алды, темірдей тәртіпке үйренді. Отанға адал болуға ант берген күннен бастап, ерекше жауапкершілікті қажет ететін осы қызметті адал да абыроймен атқарған сарбаздарымыз алдағы уақытта да Отан сүйгіштіктің жарқын үлесін көрсете береді деп сенемін, – деді мекеме бастығы Ермек Айтмукашев.

– Ұлттық ұланның қатарында әскери міндетімді түзеу мекемісінде адал атқарып шыққаныма еш өкінбеймін. Мен үшін бұл үлкен абырой. Себебі бір жылдың ішінде жинақылыққа үйрендім, уақыттың қадірін білдім. Ең бастысы Отанды сүю, елге қызмет етудің ережесі қарапайым болатынына көзім жетті, – дейді жас сарбаз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру