Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО колониясына тыйым салынған заттар салынған пакетті лақтырмақ болған ер адам ұсталды

ШҚО колониясына тыйым салынған заттар салынған пакетті лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының колониясына 10 телефон, 10 қуаттағыш, бес жұп құлаққап, 70-ке жуық таблетка мен өзіне тән иісі бар бөтелкелерге құйылған сұйықтықтың алды алынды.

Қызметкерлер ер адамды ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/3 мекемесінің негізгі қоршауының жанында тыйым салынған заттарды лақтырып жатқан кезде ұстады.

– Ұсталған азаматтың қолында тыйым салынған заттар, яғни телефондар, аксессуарлар, белгісіз таблеткалар мен алкогольді исі бар тоғыз оралған зат салынған пакет тәркіленген, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру