Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де есірткінің заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастық талқыланды

Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Рустам Мирализодамен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықтама: ОАӨАҮО 2009 жылы қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимылда күш-жігерін үйлестіру үшін құрылған, штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан.

ОАӨАҮО құрамына жеті мемлекет кіреді – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Бақылаушы мәртебесі 16 мемлекетке берілді – Австрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция.

Халықаралық бақылаушы ұйымдар – Интерпол және Оңтүстік-Шығыс Еуропалық құқық қорғау орталығы (SELEC).

Тараптар есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлескен күрестің көп жылдық оң тәжірибесін атап өтті.

Соңғы бес жылда ОАӨАҮО үйлестіруімен 800 кг-ға жуық есірткі (героин, метамфетамин, мефедрон, МДМА) алынып, 60 ірі есірткі сатушы ұсталған 30 халықаралық операция сәтті жүзеге асырылды.  

Қазіргі заманғы есірткі қылмысының жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері жағдайындағы неғұрлым өзекті мәселелер бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары белгіленді.

Кездесу барысында ОАӨАҮО-мен одан әрі практикалық, ынтымақтастық, қаралып отырған салада ақпарат алмасу және есірткі трафигінің трансшекаралық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен операциялар жүргізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша конструктивті жұмысты одан әрі жалғастыру және осы салада салиқалы халықаралық ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру