Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғынын жарты млн теңгеге алдап кеткен ақтөбелік анықталды

Қызылорда облысының тұрғынын жарты млн теңгеге алдап кеткен ақтөбелік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне Аманөткел елді мекенінің тұрғыны арызданған. Жәбірленуші ауылдағы үйімді сатамын деген желеумен сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 500 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматқа қатысты заңды шара көруін сұраған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, Ақтөбе облысының тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру