Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Мас жүргізуші – қылмыскер!” іс-шарасы қорытындыланды

Қызылордада “Мас жүргізуші – қылмыскер!” іс-шарасы кезінде 1987 құқық бұзушылық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының 10-16 аралығында өткен “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел профилактикалық іс-шарасының жеті күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 1987 дерегі тіркелді.

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша- бес дерегі, 590-бабының 4-бөлігі (КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ басқару) бойынша – жеті дерек, 590-бабының 5-бөлігі (тонировка) бойынша – 73 дерек, 590-бабының 7-бөлігі (Заңсыз қайта жабдықтау) бойынша – 41 дерек, 591-бабы (ТҚ басқарған кезде телефон немесе радиостанция пайдалану)  бойынша – 73 дерек, 593-бабының 1-бөлігі (Қауіпсіздік белдігін пайдалану) бойынша – 437 дерек, 596-бабының 3-бөлігі бойынша (Қозғалыстың қарсы жолағына шығу) – жеті, 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту) бойынша – 42, 600-бабы (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) бойынша – 44 дерек, 606-бабы (Авариялық жағдай туғызу) бойынша – 19 дерегі, 608-бабы (КҚ мас күйде басқару) бойынша – 88 дерек, 612-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) бойынша – 230 деректері анықталып, 140 автокөлік айып алаңына қойылды.

Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру