Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды
Атырау облысының полиция қызметкерлері 18-20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықпен жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын- алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталмыш шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы сегіз интернет-қылмыс ашылды. Сонымен қатар, порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып, ҚР Қылмыстық Кодекстің 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары «Instagram» әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушы Атырау қаласы тұрғынынан 260 мың теңге мөлшерінде алдын-ала төлем алған Қарағанды облысының тумасын ұстады.Тексеру барысында, ұсталған азаматша осы тектес бірнеше алаяқтық қылмысына қатысты екені анықталды. Өз кінәсін толық мойындаған әйел әзірге қолхатпен босатылды.