Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда дүкен иелері жауапқа тартылды

Павлодар облысында 207 дүкен иесі заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеті – құқық бұзушылықтың алдын алу, осыған байланысты полиция қызметкерлерімен рейдтік, профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Полиция қызметкерлерімен 21 жасқа толмаған азамттарға алкоголь өнімдерін сату және алкоголь заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері спирттік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 4784 тұрғынды ұстады, әрбір тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 53 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Кешкі сағат 21.00-ден кейін алкоголь өнімдерін сататын дүкен сатушылары да қайғылы статистиканы арттыруға өз үлесін қосады.

Бүгінгі таңда алкоголь өнімдерін заңсыз өткізгені үшін үш жеке кәсіпкер лицензиясынан айырылды, ал 31 лицензияның қолданысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 207 дүкен иесі жауапқа тартылып, 17 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мысалы, рейдтік іс-шаралар барысында, 10 тамыз сағат 21.00-де Ломов көшесіндегі дүкенде тәртіп сақшылары 21 жасқа толмаған адамға күштілігі 4,6% алкоголь ішімдігін сату фактісі анықталды. Аталған факті бойынша жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін сату жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалды.

Сол күні облыс орталығында сағат 23:50-де Ломов көшесі мекен-жайында орналасқан басқа дүкенде полиция қызметкерлері сатушымен 37 жастағы павлодарлыққа бір бөтелке арақ сатқаны анықталды. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін сату жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру