Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: оқушылардың қаржысын жымқырды деген күдікпен облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы ұсталды

Алматы облысында оқушылардың қаржысын жымқырды деген күдікпен облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы Алматы облысында балалар үйінің әлеуметтік педагогы болып табылатын 1990 жылы туған М. есімді азаматшаны ұстады.
Жедел уәкілдер ұсталған адамды Алматыға жеткізді.

Сеніп алынған мүлікті ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істің материалдары ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, сондай-ақ күдікті Алматы қаласының ЖСҚ-на жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру