Алматылық азамат эстакада төбесінен не үшін секірмек болды
Алматы полициясы белгісіз бір ер азаматтың эстакада төбесінде не істеп жүргенін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерді бақылау барысында белгісіз біреудің жол үстіндегі эстакадаға көтеріліп шыққаны анықталды.
– Оқиға Әуезов ауданында 6-шағын аудандағы Саин көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері жеткенше 1982 жылғы азаматты көпірден куәгерлер түсіріп алған. Сөйтіп ол оқиға орнына барған «Буран-86» көлігінің патрульдік жасағына тапсырылды. Азамат өз әрекетін түсіндіргенде, жұмыстан үйіне қайтқанда телефон арқылы қоңырау шалғанын және оның жеке отбасылық қайғысы туралы естігенін айтты. Оған полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, – деп хабарлады ПД-нің баспасөз қызметі.