Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түнде серуендейтін жасөспірімдер көбейген

Ақтөбе облысында 21-30 тамыз аралығында полиция қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктердің, темекі бұйымдары айналымын іске асырудың алдын алу мақсатында жазғы демалыс кезеңінде 21-30 тамыз аралығында облыста полиция қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Рейдтік жұмыстар аулаларда, саябақтарда ойын-сауық орындарында және жастар көп жиналатын жерлерде жүргізіледі.

Өткен төрт күннің ішінде 193 бұзушылық анықталды, оның ішінде 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 176 жасөспірім анықталды.

Жеті ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер органдарының есебіне 26 жасөспірім және 25 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру