Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сұраныс болса, ұсыныс та болады: Қызылордада жалған сертификат ұсынған алаяқ ұсталды

Қызылордада жалған сертификат ұсынған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019-2020 жылдар аралығында белгісіз адам медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын аяқтағандығы туралы жалған сертификаттарды тұрғындарға ұсынған.

Осындай желеумен оңай олжаға кенелгісі келген алаяқ өңірдің алты тұрғынынан ақша алғанЖәбірленушілерге 200 мың шамасында материалдық залал келтірілді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында көп ұзамай Шиелі ауданының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру