Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында автобустың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде

Түркістан облысында автобустың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамыз сағат 06:30 шамасында Түлкібас АПБ кезекші бөліміне ауруханадан Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 649 шақырымында жолаушылар автобусының аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге бірінші болып Түлкібас АПБ жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальоны мен Төтенше жағдай қызметкерлері келді. Полицейлер мен ТЖМ қызметкерлері жолаушыларға аударылған автобустан шығуға көмектесті, оларға сол жерде психологиялық және басқа да қажетті қолдауларды көрсетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам, яғни жүргізуші мен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қалған 19 жолаушы, оның ішінде екі жүкті әйел медициналық көмекке Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласының ауруханаларына жүгінген.
Алдын ала мәліметтер бойынша апаттың себебі ауа-райының қолайсыздығы болуы мүмкін. 21 адам болған жолаушылар автобусы Сарыағаш ауданына бет алған. Жолда жүргізуші рульді басқара алмай, кюветтің оң жақ жиегіне шығып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық Полиция департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде. Бұл жайт Түлкібас АПБ-не тіркелді. ҚР ҚК 345-бабы (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру