Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Акцияның 2 күнінде 12 қызылордалық сары нөмір алды

"Жолдағы қабылдау" акциясы барысында Қызылорда облысының тұрғындарынан 527 сұрақ түсіп, оның 97-і армения автокөліктеріне қатысты болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен кеңес алып, 12 азамат өздерінің Армениядан әкелінген автокөліктерін рәсімдеді. Оларға бірден сары нөмер берілді.

Тіркеу жұмыстарының аяқталуына аз уақыт қалғанын ескере отырып, Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарға Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді заңмен көзделген мерзімде тіркеп үлгерулерін сұрайды. Жүргізушілер жедел желі телефон номері 8-7242-29-77-44 арқылы да кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру