Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Мен өмірді қалаймын!» сайысын онлайн түрде өткізді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жазғы демалыс кезінде іс-шаралар өткізу аясында «Мен өмірді қалаймын!» ұранымен есірткіге қарсы жолдау, ұран айту сайысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық–насихаттау жұмысы аясында өткізілді.

Жарыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына теріс қарым-қатынасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Қатысушылар нашақорлық мәселесі туралы өз ойларын білдіріп, өзгелерге жеткізуге тырысты.
Байқауға қатысушылар арасында өздерінің жеке ойларын өте жақсы білдіре алғандар болды. Олар, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және зиянды әсерлерге уақытылы «Жоқ!» – деп айтуға шақырды. Басқа қатысушылар мәнерлеп өлең оқыды.
Байқау шарты бойынша сайыскерлер есірткіге қарсы жолдау, ұранды айтып тұрған видеосын әзірлеп, өз парақшаларына салды.

Балалардың ынтасын ескере отырып, байқаудың барлық қатысушылары жеңімпаз деп аталуға лайық деген шешім қабылданды. Қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру