Атырауда адам бопсалаушы ұсталды
Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, қылмысқа күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бастапқыда ол 1984 жылы туған қала тұрғынынан 80 мың теңге, үш күн өткен соң 70 мың теңге талап етіп, жалпы құны 150 мың теңге ақшасын иемденген.
Атырау қаласының 1990 жылғы тұрғыны ұсталып, қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.