Полиция қызметкерлері жалғыз басты ананың алғысын алды
Түркістан облысының жаны жомарт полицейлері мереке қарсаңында тағы бір игі істерін жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері аудандағы аз қамтылған жергілікті тұрғынның отбасына материалдық көмектерін көрсетті. Мұндағы мақсат отбасылық жағдайы төмен жандарға қиын сәттерде қолдау көрсету болатын. Осылайша тәртіп сақшылары жалғыз басты ананың үйіне барып, оны баласымен бірге ертіп алды. Содан соң көліктерімен ауданның сауда орталықтарын аралап, ұнаған заттарын алып берді. Кәмелет жасына толмаған бала мектепке керекті киімдері мен оқуға қажетті барлық құралдарды таңдап алды.
Полицейлердің мұндай игі ісіне көңілі толған ана өз сөзінде: – Мақтаарал АПБ қызметкерлеріне үлкен рахмет. Балама толық мектепке қажетті киімдерді, құрал жабдықтарды алып берді. Бізге көңіл бөліп, өз қаражаттарынан жәрдем бергендеріне алғысым шексіз. Олардың отбастарына амандық тілеймін. Жұмыстарына сәттілік!, – деп алғысын жаудырды.
Тәртіп сақшылары жалғыз ілікті анаға қаржылай және басқа да көмекке мұқтаж болса әрдайым көмек беріп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтты.
Нағыз азамат!!!