Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғын досының көлігінен ақша ұрлап кетті

Полицейлер досының көлігінен ақша жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған «Audi-80» маркалы автокөлігінің ішіндегі әмиянынан 20 мың теңге көлеміндегі ақшасының жоғалғанын көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Бұл жайтқа байланысты тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендерден жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде бір күн ішінде ақпарат көздері арқылы күдікті ер азамат ұсталды. Ұсталған ер адам арызданушының досы болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай оңай жолмен ақша тапқысы келген күдікті түнгі уақытта досының ауласында ешкімнің жоқтығын біліп, көліктің ашық тұрған есігінен енген. Осылайша досының тұрған ақшасын алып, өз ойын іске асырған. Бүгінде күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызбен, ақшаларыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ақшаларыңызды ашық тұрған көлікке, басқа да кез-келген жерге тастамаңыздар. Мүмкіндігінше көлігіңіздің есік-терезесін құлыптап барып қоюға кеңес береді. Егер де сіз де, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру