Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жастағы баланы судан құтқарды

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жастағы баланы судан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір күн бұрын Алматы қаласының Алмалы ауданында кәмелетке толмаған баланы құтқарды.

– 14 жастағы Роман және оның достары Есентай өзенінің жағасында болды. Бала парапеттің екінші жағына өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап түсті. Осы сәтте бұл аймақта тәртіпті қадағалау үшін жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев қызмет етіп жүрген. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Бақытымызға орай, қазір балада бәрі жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

– Көмектескен полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет. Олар дәл уақытында болды. Сол сәтте жақын болды. Баламен бәрі жақсы, – Романның анасы ұлының құтқарушыларына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру