Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мүмкіндігі шектеулі адамға көмектескен тәртіп сақшысының видеосы әлеуметтік желіге таралды

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі адамға көмектескен тәртіп сақшысының видеосы әлеуметтік желіге таралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Instagram»-дағы ресми парақшасына әлеуметтік желі қолданушылары кезекті бейнежазбаны жолдады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азамат алдындағы кедергіден өте алмай тұрған сәтінде тәртіп сақшысы оған көмек көрсетеді. Мүгедектер арбасына таңылған тұрғынды қос тараптан көтеріп, жәрдем береді. Видео авторы осы сәтті аңғарып қалып, ғимарат ішінен бейнежазбаға түсіріп алған.

Жауапкершілік жүгін арқалаған полиция қызметкерлерінің еңбегіне ерекше алғыс білдіреміз деген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру