Полицейлер автокөліктің 4 бірдей доңғалағын ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысында полицейлер автокөліктің төрт бірдей доңғалағын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі.Ол арызында түнгі уақытта белгісіз тұлғалар көлігінің төрт дана доңғалағын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 240 мың теңгені құрады. Аталған оқиға Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлерімен СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Оқиға орнына Сарыағаш АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Полицейлер жақын аймақтарды аралап, куәгерлерден және көршілерден сұрастырып, жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторлары доңғалақты ұрлаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Өз кінәсін толық мойындады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде автокөліктің төрт дана доңғалағы тәркіленіп алынды. Күдікті қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болып, мүліктерін ұрлатпаудың шараларын қолдану қажеттігін ескертеді. Егер сіз біреудің мүлкін ұрлаудың немесе мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.