Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның 39 анықтаушысы 300-ден астам қылмыстық істі тергеуде

Қазір Солтүстік Қазақстан полициясының анықтау бөліністерінде 300-ден астам қылмыстық іс қаралуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл істерді 39 адам жүргізіп жатыр – бұл облыстағы анықтаушылардың саны.

Қылмыс жасалса, онымен криминалдық полиция айналысады, жедел уәкілдердің міндеті – күдіктіні анықтау. Содан кейін тергеушілер немесе анықтаушылар іске кіріседі. Айырмашылығы – тергеу ауыр және аса ауыр қылмыстарға, ал анықтау жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстарға бағытталған.

– Анықтау – істі сотқа жіберу процесін барынша тездетуге мүмкіндік беретін процессуалдық құралдарға ие, – деп түсіндіреді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин. – Мысалы, жол-көлік оқиғалары немесе ұсақ ұрлық сияқты қасақана жасалмаған қылмыстар – олар бойынша өндіріс қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Мысалы, жеңілдетілген іс өндірісіне сәйкес, анықтау мерзімі 15 күннен аспауы керек. Осы қызмет тура 29 жыл бұрын құрылған кезде, 15 қылмыс құрамын тексерді. Бүгінгі таңда олардың саны 143-ке жетті және олардың көпшілігі әкімшілік құқық бұзушылық санатынан ҚР Қылмыстық кодексіне ауыстырылды, бұл жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді, демек, жазаның профилактикалық әсерін күшейтеді және сонымен бірге тергеуді ауырлығы төмен істермен айналысудан босатады.


Алайда, Еңбек Сембин атап өткендей, “ауырлығы орташа істер” анықтаушылардың жұмысын жеңілдетпейді. Оларға да адамдардың қайғысымен, сан түрлі тағдырмен бетпе-беп келіп, резонанс тудыратын оқиғаларды тергеулеріне тура келеді. Мәселен, 2018 жылдың қыркүйек айының ортасында Петропавл қаласындағы “Ударник” түнгі клубының жанында “Lexus” автокөлігінің жүргізушісі екі қызды қағып кетті, нәтижесінде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Сол кезде СҚО ПД Анықтау басқармасының аға анықтаушысы болған  Күлмира Жармұқанова іс барлық күш-жігерін көрсетті. Куәгерлердің ондаған айғақтары, бетпе-бет кездесулер, көптеген сараптамаларды қайта қарау – тек желтоқсанның басында іс сотқа жіберіліп, кінәлі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Анықтау қызметінің тағы бір ерекшелігі – полицияның электронды іс жүргізуі сияқты маңызды жаңашылдықта “сынақ алаңына” айналғандығында болып отыр. Электрондық қылмыстық істің форматы іс жүргізуді одан әрі жеділдетуге, қағаз жүзіндегі процедураларды азайтуға мүмкіндік береді. Бұған дейін қадағалаушы органның тексерістері жұмысты тоқтатуды талап етті, өйткені істі зерделеу үшін папкалар қол қойылып алынып келді. Енді прокуратура анықтау барысын онлайн режимінде – кез-келген кезеңде, процесті бір секундқа тоқтатпай қадағалай алады. Сандық формат тиімділігін тез көрсетті. Бұл рәсімдерді жеделдетіп қана қоймай, тергеудің ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Өндірістің осы түрін енгізу ішкі істер органдарын жаңартудағы маңызды қадам болып табылады. Бүгінгі таңда анықтаушылар 45% істерді “цифрлы түрде” жүргізуде, тергеу мен анықтаманы толығымен электронды өндіріске ауыстыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері облыстың 39 анықтаушысы 3,6 мыңнан астам тергеу жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру