Талдықорғанда баланы қағып кете жаздаған жүргізуші жауапқа тартылды
Талдықорғанда баланы қағып кете жаздаған «Toyota Camry» жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласының орталық көшесімен жүріп келе жатқан иномарка жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, түрлі маневрлер жасаған. Олардың қатарында көлік жүргізушісінің бағдаршамның тыйым салатын сигналына мән бермей, жол қиылысынан өтуі де бар. Бұл жағдай ғаламтор кеңістігінде жарияланып, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары арасында тиісті реакция тудырды. Бейнежазбада жол бөлігін анасымен бірге өтіп бара жатқан баланың жол қиылысын қызыл жарыққа өткен көлік дөңгелегінің астына түсе жаздағаны байқалады.
«Осы өрескел факті туралы біліп, біз бірден жедел түрде жүргізушіні қатаң жауапкершілікке тарту шараларын қабылдадық. Оқиға ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Абай-Назарбаев көшелерінің қиылысында орын алғаны анықталды. Біз Іле ауданының тұрғыны болып табылатын «Toyota Camry» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстадық. Құқық бұзушыға қатысты бағдаршам сигналының, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын орындамағаны және сигнал берусіз маневр жасағаны, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылды. Енді жүргізуші әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап беретін және жалпы алғанда 100 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болады», – дейді Талдықорған қаласының ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.