Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-ның көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтердің 92%-ын электрондық форматта көрсетеді

СҚО ПД-ның көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтердің 92%-ын электрондық форматта көрсетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер өз жұмысын барынша цифрландыруға сәйкес жүргізуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартқан жөн» деп атап өте отыра, цифрландыруды барлық реформаның негізгі элементі деп атады.

СҚО ПД көші-қон бөліністерінің қызметкерлері өз жұмыстарында цифрландырудың өскені жайлы айтуда: жыл басынан бері барлық мемлекеттік қызметтердің 92%-ы халыққа электрондық түрде ұсынылды. Көші-қон желісі бойынша солтүстікқазақстандықтар жүгінген қызметтің ең белгілі түрлері – «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру» және «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жеріне тіркеу», сәйкесінше 56,5% және 33,6% құрады. Қызметтің екі түрін де «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн-режимінде алуға болады. Көші-қон қызметін цифрландыру дамып келеді: мысалы, наурыз айынан бастап «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету» және «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» қызметтері де қашықтықтан қол жетімді бола бастады.

– Мемлекеттік қызметті «үйден шықпай» алу мүмкіндігі – бұл полицияның халықпен жұмыс істеуінің сервистік моделіне көшуіндегі маңызды элементі, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. – Бұл формат қызмет алушының полиция қызметкерлерімен тікелей байланысын шектеп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының қаупін барынша азайтады, кезекте ұзақ күтуді және бөлініс қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді.

Департаменттің ресми интернет-ресурстарының басты парақшаларында мемлекеттік қызметтердің алгоритмдері орналастырылған, онда оларды ұсыну мерзімі мен оларды алу тәртібі туралы ақпарат берілгені жайлы полицейлер еске салады. Солтүстікқазақстандықтар мен облыс қонақтары мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтарын СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасына 8 (7152) 34-00-30, 34-00-50, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша Департаментіне 8 (7152) 36-01-62 телефондары арқылы қоюларына болады.Жыл басынан бері КҚҚБ бөліністері электрондық форматта 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру