Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жас полицейлердің қатысуымен экскурсиялар ұйымдастырылды

ҚР Ішкі істер министрлігі жеке құрам қызметкерлерін ерлік пен патриоттыққа тәрбиелеуді, халықтың санасын руханилықпен байытуды ұйымдастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Түркістан облысы ПД Түлкібас АПБ-нің Кадр саясаты тобымен «Бір экспонаттың тарихы» аясында онлайн-экскурсия ұйымдастырылды. Яғни аудандық музейде ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін насихаттауға бағытталған бейнероликтер әзірленіп, ІІО ардагерлерінің ерлік пен қырағылығын, атқарған еңбектері мен батыл әрекеттерін насихаттау мақсатында жәдігерлер жеке құрамға таныстырылды.

Осындай іс-шара Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан Сәулет көркем музейінде жалғасын тапты. Полицейлер тарихи мұрағаттармен танысып, өздеріне рухани азық алды.

Оған қоса, Ішкі істер органдарының имиджін және халықтың сенімін жоғарылату, ішкі істер органдары музейлерінің қызметін кеңінен жариялау мақсатында Шардара АПБ-нің қызметкерлері де арнайы экскурсия жобасын жасады. Ең бастысы кейінгі ұрпаққа аға буынның атқарған қызметтері, батырлық әрекеттері үлгі ретінде таныстырылды.

Ал, Қазығұрт АПБ-де жас мамандарды яғни Қазығұрт АПБ ТБ тергеушілері Дастан Тоқтабай мен Нұрбек Әбдірәлілерді арнайы музейге алып барып, ерлік пен батылдықты насихаттау тақырыбында экскурсия жүргізілді.

Сондай-ақ, Сарыағаш полицейлері Қазақстан Республикасы ІІМ-нің М.Есполатов атындағы Алматы академиясының 4-курс курсанттарын Сарыағаш ауданының тарихи мұрағатына апарып, таныстыру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара бойынша курсанттар Сарыағаш АПБ басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Бұл жобаның басты мақсаты – халықтың арасында ішкі істер органдарының қызметінің қалыптасуы мен дамуына ІІО ардагерлерінің, жасөспірімдерге аға ұрпақты таныту, тарихын білуге дағдыландыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру