Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл инспекторы бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

15 қыркүйек күні Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен ауданға қарасты ауылдарда жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында үш мәрте ұрлық жасаған 23 жастағы азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала анықталғандай, ұры өз ауылдастарының заттарын алып кетіп отырған. Біріншіден ол көрші маңда тұрған көліктің есігін кілт таңдау арқылы ашып, ұялы телефонын ұрлап кетсе, кейін ауылдасының велосипедін қолды қылған. Оңай олжа тауып үйренген азамат кейін 55 жастағы азаматқа тиесілі спутниктік антенаның бағалы құрылғысын ұрлаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын – 80 мың теңге. Бірақ бір де бір жәбірленуші өз үйіне ұры түскенін білмеген. Ұры учаскелік инспектордың сауатты жұмысының арқасында қолға түсті.

Аталған фактілер бойынша ҚP Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру