Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақша ұрлаумен айналысқан ақтөбелік тұрғын қылмысын мойындады

Ақтөбе облысында бөтеннің ақшасын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйекте қаладағы дәмханалардың бірінде 40 жастағы азамат Құрашасай кентінің 29 жастағы тұрғынының әмиянын ұрлап кеткен. Әмиянда 50 мың теңге ақша болған. Күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

13 қыркүйекте донер дәмханасында ұрлық болды. 25 жастағы ақтөбелік донер дәмханасында болған 27 жастағы ақтөбеліктің 91 мың теңгесін ұрлап кеткен. Күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Мойындау айғақтары бар.

Полиция қызметкерлері мүлікті сақтау мақсатында телефондарды, ақша мен бағалы заттарды бір жерде ұстауға және киімнің сыртқы қалтасына салмауға кеңес береді. Жолға шығар кезінде телефонмен сөйлескеннен кейін оны қолыңызда ұстаңыз. Көпшілікте әмияныңыз бен құнды заттарыңызға абай болыңыз. Бейтаныс адамдарға телефон бермеңіз, егер бұл жедел жәрдем, өрт сөндіру немесе полиция шақыру туралы өтініш болса, өзіңіз қоңырау шалыңыз. Ұялы телефонды, ақшаны және басқа да жеке заттарды автокөлікте көрнекті жерде қалдырмаңыз.

Ақтөбе облысы ПД дүкендер мен басқа да кәсіпкерлік нысандарының иелерін өз мүлкін қаскүнемдердің қылмыстық қол сұғуынан қорғау үшін барлық қажетті шаралардытерезелерге, есіктерге темір торлар, бейнебақылау камералары, дабыл беру құрылғыларын орнатуға және күзет қызметтерін пайдалануға шақырады. Сондай-ақ, азаматтар ұялы телефондар мен басқа да құнды заттарды сақтау мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерде абай болу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру