Көші-қон қызметі бақылауда
Қазақстан Республикасының азаматтығын тіркеу, уақытша тіркеу, тұрақты тұруға тіркелу, анықтама мен төлқұжат беру – осындай мемлекеттік маңызы бар және қажетті мәселелерді Павлодар облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі шешеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың басынан көші-қон бақылауын жүзеге асыру барысында 3 083 азамат, оның ішінде 369 шетелдік әртүрлі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 60 адам елден шығарылды. Сондай-ақ, 17 жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды.
2020 жылдың биылғы кезеңінде көші-қон қызметі 60 мыңға жуық Қазақстан Республикасының азаматын құжаттандырды, сегіз мыңнан астам шетелдік азаматтар уақытша тіркелген, 703 шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрақты тіркеуде.
475 адам Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды, 344 азаматтықты жоғалту фактісі тіркелді, шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келу және кету құқығына 690 виза берілді.