Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында “ТОҚТА, трафик!” жедел-алдын алу іс-шарасы сәтті өтті

Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан әйел және жезөкшелікпен айналысқан төрт қыз ІІО-ға есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосымша, қоғамдық орындарда тиісу деректері бойынша 29 хаттама тіркелді, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Бұдан басқа, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін орын бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша бір хаттама жасалды.

“Тоқта, трафик!” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық деректерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған.

Осылайша, 10 қыркүйекте Тараз шағынаудандардың бірінде орналасқан сауықтыру кешенінде әкімші ретінде 45 жастағы әйел анықталды, ол қыздарға интим қызметтерін көрсету үшін притон ұйымдастырған. Барлық айыпталушылар ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегі бойынша басталған қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар Қордай ауданының 20 жастағы екі тұрғынын ұстады. Аталған тұрғындар ҚР аумағында болу уақытын ұзартқысы келетін шетелдік азаматтарға жалған құжаттар жасаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жалпы, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады, – деп түйіндеді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру