Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда “Абайлаңыз, қалта ұрылары!” плакаттары жапсырылды

Таразда “Қалта ұрылары” санаты бойынша есепте тұрған 68 адамның суреті бар “Абайлаңыз, қалта ұрылары!” плакаттары жапсырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалта ұрлығы – қаскүнемдер арасында оңай және өте үлкен табыс болып табылатын ең танымал қылмыс түрі.

Қалта ұрылары заманауи жағдайларға бейімделген, көбінесе лайықты киінген адамдар, тартымды келбетті қыздар және тіпті жасөспірімдер, олардың басқалардан еш айырмашылығы жоқ. Бұндай түр қылмыскерлерге өз құрбандарын алдап түсіруге көмектеседі.

Егер сіз қоғамдық көлікте, дүкендерде немесе адамдар көп жиналатын басқа жерлерде абай болсаңыз, өзіңізді қалта ұрыларынан қорғауға болады.

Осы қылмыс түрінен халықты алдын алу және ескерту мақсатында Тараз қ. 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Тараз қалалық Полиция басқармасының жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен бірлесіп, адамдар көп жиналатын аялдамаларда, қоғамдық көліктерде, супермаркеттерде, жылдам тамақтану желілерінде қалта ұрлығымен айналысатын немесе “Қалта ұрылары” санаты бойынша есепте тұрған 68 адамның суреті бар “Абайлаңыз, қалта ұрылары!” плакаттары жапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру