Қызылорда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан тегіс ұңғылы 7 қару тәркіленді
7 қыркүйектен бастап облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында облыстағы жеке үйлер мен пәтерлердің 16 747 үй тексерумен қамтылып, онда тұратын тұрғандарға учаскелік полиция инспекторларының визиткалық карточкалары таратылды. Аулааралық тексеру кезінде белгілі тұрғылықты мекен-жайлары жоқ жеті адам ұсталып, олардың барлығы қабылдау-реттеу орнына жеткізілді.
Сонымен қатар, облыстық ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған тұлғаларды мекен-жайларынан 1 240 рет тексеріліп, олармен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді.
Қаңғыбастық пен қайыршылығы үшін жеті кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылып, әртүрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 1 816 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 468 жалға берілетін пәтерлердің иелері тексеріліп, пәтерлерін заңсыз жалға беріп отырған 10 азамат анықталып, олардың барлығына салық органдарына ұсынымхаттар жолданды.
Қаруды сақтау, алып жүру және тіркеу ережесін бұзғаны үшін 22 азаматқа әкімшілік шаралар көрілді. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан тегіс ұңғылы жеті қару тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.