Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші жол-апатын жасады

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарып, жол-апатын жасаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің «102» пултіне Қызылжар ауылында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы шықты. Полицейлер тексеру барысында Сарыағаш-Дербісек тас жолында «Ауди» маркалы көлік Сарыағаш қаласына келе жатып, жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып «ВАЗ» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын анықтады. Соның салдарынан «Ауди» жүргізушісінің жанында болған жұбайы оқиға орнында қаза табады. Ал, «ВАЗ-дың» ішіндегі екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, Сарыағаш аудандық ауруханасына жеткізілген. Сондай-ақ апат болған аймаққа шыққан полиция капитаны Бигелді Ботабековке «Ауди» көлігінің жүргізушісі қарсы шығып, заң талаптарына бағынбай, күш қолданып, дене жарақатын салған.

Зерттеу қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізуші «орта дәрежелі» мас халде екендігі айқындалды. Ол бұрын алаяқтық жасап сотты болған Шардара қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған жайт Сарыағаш АПБ-мен ҚР ҚК- нің 347-бабы (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) және 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, кеңес береді. Ең бастысы мас халде көлік басқармау керек. Егер сіз жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру