Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған әмиянын тауып берді

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған әмиянын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Ол өзінің арызында жеке шаруаларымен ауыл көшелерінің бірінде жүрген кезінде, қалтасындағы әмияны жоқ екенін байқайды. Әмиянның ішінде жеке куәлігі, банкомат карточкалары және ақшасы болған. Содан тұрғын полицейлерге арызданып, жоғалған әмиянын тауып беруге көмек сұрайды. Аталған іс бойынша сол аймаққа белгіленген жауапты учаскелік полиция инспекторлары іздеу шараларын жүргізді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған әмиянды көше бойынан тауып, егесіне қайтарып берді. Арызданушы азамат полиция қызметкерлерінің қырағылығына риза болып, өз алғысын білдірді. Қызметтеріне үлкен табыс тіледі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және мүліктерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Қоғамдық және халық көп жиналатын жерлерде құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Ақша мен әмиянды қалтаңызға салып немесе қолыңызда ұстаған дұрыс. Сондай-ақ, тонау немесе ұрлық жағдайына тап болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефонына хабарласыңыз. Бұл қылмысты ертерек ашуға және ұрыларды, қарақшыларды ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру