Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұзақылық жасағаны үшін сотталған солтүстікқазақстандық Ресей Федерациясында ұсталды

СҚО Айыртау ауданының тұрғыны 2016 жылы бұзақылық жасап, елден тыс жерге жасырынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері және өзге мемлекеттердегі әріптестерімен бірлесе өткізген жедел іс-шара нәтижесінде қашқынның жүрген жерін анықтау мүмкін болды. Ол Черногория Республикасында ұсталды және туған жерінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. 2018 жылы бас бостандығынан айыру орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан, ол заңмен көзделген шектеулерді орындамай, елден кетіп қалған. Екі жылдай полицейлерден жасырынып жүрген. Ресейлік әріптестермен тығыз қарым-қатынастың арқасында бұзақының ізіне түсу мүмкін болып, ол РФ Астрахань облысында ұсталды. Қазіргі уақытта 28 жастағы солтүстікқазақстандық этаппен әкелініп, Петропавлдағы тергеу изоляторына қамалды. Айта кететін болсақ, ол 2014 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған. Сол кездері қылмыскер Краснодар өлкесінде ұсталған болатын.

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдердің РФ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауы шекаралас облыстан қылмыскерлерді іздестіру бойынша СҚО аумағында жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізді. СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Петропавлда Қорған облысы Петухово қаласында қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған 21 жастағы ресейлікті ұстады.

Жыл басынан қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген 35 қылмыскер ұсталды. Оның тоғызына өткен жылдары іздеу жарияланған.

– 16-17 қыркүйек аралығында “Іздеу” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, оның аясында іздестірудегі адамдарды іздеуге бағытталған күшейтілген іс-шаралар өткізіледі. Қойылған міндеттерді орындау үшін қосымша ресурстар пайдаланылады. Әрине, бұл жұмыс тұрақты жүргізіледі және жедел қызметтердің жұмысындағы басымдылық болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық жасауға көп мән беріледі, бірлескен жұмыстың нәтижесінде биылғы жылы 16 қылмыскер ұсталды, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру