Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл шетіндегі жүзім алқабына жергілікті тұрғындар ұрлыққа түскен

Түркістан облысының полицейлері жүзім ұрлаған күдіктілерді “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не бау-бақша өсірумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда көрсетілгендей, түнгі сағат 22:30 шамасында темір тормен қоршалған, ауыл шетіндегі жүзім алқабына жергілікті тұрғын болып табылатын үш бірдей ер адамның ұрлыққа түскенін айтқан.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген.

Осы арыз бойынша тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылып, тергеу амалдары жүргізілген. Анықталғандай үш азамат бір күн алдын өзара ақылдасып, сөз байласқан. Содан соң құқықбұзушылар қараңғы түсе салысымен бау сыртына келіп, екі азамат ішіне кіріп, бір ер адам көлікте күтіп отырған. Ішке заңсыз кірген екі құқықбұзушы темір қоршауды бұзып, бау арасынан 40 келіге жуық жүзімді жасырын түрде ұрлап шыққан. Сол мезетте баудың иесінің ұлы құқықбұзушыларды ұстап алған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 15 мың теңге шамасында. Жәбірленуші тарапқа ұрланған жүзімдері қайтарылды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталған азаматтардың бұдан алдыңғы ұрлық жайттарына қатыстылығы анықталуда. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді. Оған қоса мүмкіндігінше жарықтандырып, дабылқаққыштар қойыңыздар. Бұл өз кезегінде ұрылардың жолын кеседі. Ал, ұрлық жайтының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, полицияның “102” нөміріне тез арада хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру